ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында екі елді мекенге газ берілді

0
930

2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, аудан орталығына газ берілген.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібек ауданында екі елді мекенге газ берілді

Бәйдібек ауданындағы екі ауыл көгілдір отынға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында бір күнде екі елді мекенге табиғи газ берілді. Салтанатты іс-шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Мыңбұлақ пен Бестоғай елді мекені тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті.


«Ауданда көптеген ауқымды жұмыстар қолға алынып, түрлі нысандардың құрылысы жүргізіліп ел игілігіне пайдалануға беріліп жатыр. Бүгін екі елді мекенге газ беріліп отыр», - деді екі ауылдың газ торабын іске қосу рәсімінде аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков.


Ендігі кезекте Бәйдібектегі Мыңбұлақ пен Бестоғайдағы 300-ге жуық отбасы ендігі кезекте көмір тасып, күл шығармайтын болды. Осылай деп қуанған ақ жаулықты апалар жүрек жарды тілектерін жеткізсе, ауыл қариялары аудан басшылығына алғыстарын білдірді.


Айта кетейік, Бәйдібек ауданында 2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, аудан орталығына газ берілген болатын. Бүгінгі таңда жоғарыда аталған екі ауылды қосқанда аудандағы 11 ауыл табиғи газды тұтынып отыр. Осы айдың соңына дейін Жүзімдік, Ақбұлақ, Қосбұлақ, Қайнарбұлақ, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарына газ беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек қазіргі таңда бес елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.