ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделіп жатыр

0
604

Аяқ жолдар мен ішкі көшелердегі асфальт жолдардың тозығы жеткен.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен көшелер жөнделіп жатыр

Бәйдібек ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша Шалдар ауылындағы екі көше жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы,Бөген ауылдық округінің орталығы Шалдар ауылындағы 3,85 шақырымды құрайтын екі көшеге жаңадан асфальт төсеу, аяқ жолдар салу, жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қаржы бөлінген. Қазіргі таңда аяқ жол салу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Жарықтандыру үшін бағаналарды орнататын тұғырлардың бетоны құйылуда. Асфальт төсеу үшін екі көшенің жолдары тегістеліп, тас төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.


«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жолдарды жөндеу, жарықтандыру, аяқ жол салу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға Шалдар ауылының тұрғындары өте риза. Себебі аяқ жолдар мен ішкі көшелердегі асфальт жолдардың тозығы жеткен болатын. Қыс, көктем және күз мезгілдерінде оқушылардың мектепке баруы қиындық туғызатын еді. Енді олар таза жолмен қатынайтын болады.


Айта кетейік, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Шалдар ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды «ALTAI STROY GROUP» ЖШС-гі жүргізуде. Мердігер мекеменің басшысы бұл жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтап, ел игілігіне пайдалануға беруді жоспарлап отыр.