ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте инфрақұрылым жүйелері жаңартылып жатыр

0
552

Жаңадан асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте инфрақұрылым жүйелері жаңартылып жатыр

Бәйдібек ауданында жол жөнделіп, инфрақұрылым жүйелері жаңартылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков жұмыс сапарымен Ақбастау, Боралдай ауылдық округтеріне барды.


Сапар барысында аудан басшысы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында Ақбастау елдімекеніндегі жүргізіліп жатқан ішкі көшелердің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.


Аталған жоба аясында Ақбастаудағы 11 ішкі көше жөндеуден өтіп жатыр. Жаңадан асфальт төселіп, аяқжолдар салынып, суағарлар мен көше шамдары орнатылады.


Сонымен қатар, Ержігіт Шәріпбеков Боралдай ауылдық округіне қарасты Қаратас-Теректі елдімекеніне баратын автомобиль жолға төселіп жатқан асфальт жолдың жұмыстарын бақылады. Мердігер мекемеге әрбір атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына мән беріп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.


Аудан басшысы Ақжар елдімекеніндегі аяқталуға жақын ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын көрді. Құрылысты жүргізген мердігер мекеменің басшысымен кездесіп, қалған жұмыстарды жедел әрі сапалы аяқтау жөнінде ескертті.