ТҮРКІСТАН: Бәйдібектегі бірнеше ауыл ауызсумен қамтылады

0
209

Жер асты су қорын іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектегі бірнеше ауыл ауызсумен қамтылады

Бәйдібек ауданына қарасты Шаян ауылында 100 000 кітап қорына арналған орталық кітапхана құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов айтты.


Өткен жылы Бәйдібек ауданына қарасты Шаян ауылында 100 000 кітап қорына арналған орталық кітапхана құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріліпті. Бүгінде бұл нысанда 70 мың кітап қоры бар екен. Одан бөлек, Ағыбет және Бәйдібек ата елді мекендеріне дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бой көтеріп, ел игілігіне берілген. Ал, биыл Шақпақ ауылына спорт кешенін және Амансай ауылына мәдениет үйін салу үшін Ұлттық қордан 300 млн. теңге қарастырылған. Аудандағы денсаулық сақтау саласында 49 мекеме қызмет көрсетіп жатыр екен. Осы ретте былтыр Шақпақ елді мекеніндегі Алғабас дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеуден өткізуге 508 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы Боралдай елді мекеніндегі дәрігерлік амбулаторияны жөндеуге қаржы бөлінген және «Ұлттық жоба» аясында 2 медициналық тірек пен 2 дәрігерлік амбулатория құрылыстары жүргізілмек.


Бүгінде аудандағы 50 елді мекеннің 44-і ауызсумен қамтамасыз етілген. Су жүйесі тартылмаған 2 елді мекенде жер асты су қорын іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. 4 елді мекенге жер асты суын тазартатын кешенді блок-модульдік қондырғыларын орнатуға биыл облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Ал, 2023 жылы Ақжар ауылына жаңадан ауызсу жүйесі тартылып, Сарқырама, Шаян елді мекендеріндегі тозығы жеткен ауызсу жүйесі жаңғыртылған. Биыл да Шақпақ, Ақбастау, Боралдай елді мекендеріндегі тозығы жеткен ауызсу жүйелерін жаңарту жұмыстары атқарылады. Одан бөлек, су қоры азая бастаған 15 елді мекенде су көзін іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр.