ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік 1200 бала жазғы демалысты лагерде өткізеді

0
421

430 бала тамыз айында тынығады.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік 1200 бала жазғы демалысты лагерде өткізеді

Бәйдібек ауданында 1200 бала жазғы демалыстарын лагерде өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Оқу жылы аяқталып, оқушылар жазғы демалыстарын түрлі демалыс орындарында, сауықтыру кешендерінде, ата-әжелерінің ауылына барып, ерекше етіп өткізгісі келетіні анық. Бірақ жаздық мезгілдегі үш айлық демалыста балалар үшін лагердің орны бөлек.


Жаңа оқу жылы басталғанға дейін, үш айлық демалыстарын тиімді өткізу мақсатында биыл Бәйдібек ауданындағы 1200 бала жазғы демалыс лагеріне баруға өтініш білдірген. Маусым айының 12-нен бастап табиғаты әсем, Төлеби ауданындағы таулы аймақта орналасқан «Қуаныш» лагеріне Бәйдібектен 10-15 жас аралығындағы 650 бала барып демалып қайтты. Шілде айының 24-не аталған лагерге 120 бала барып демалуды жоспарлап отыр. Қалған 430 бала тамыз айында тынығады.


«Күнделікті таңертеңгі жаттығудан бастап, әрбір уақытымыз бос емес. Жоспарға сәйкес ұстаздар топпен жұмыс істейді. Шығармашылық, танымдық қабілеттерімізді дамытуға, адам бойындағы жақсы қасиеттерге жақын болып, жаман қасиеттерден аулақ болуға бағытталған "Жұмыла көтерген жүк жеңіл", "Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік білектен" сынды тақырыптарда түрлі жарыстар мен ойындар ұйымастырылады. Жаңа достармен табиғатқа серуендеуге шығамыз. Күнделікті кешкісін демалушы бүлдіршіндер өздерінің өнерлерін ортаға салып, «Қуаныш» лагерін әсем ән мен күлкіге бөлейді. Жалпы 10 күніміздің тез уақытта қалай өтіп кеткенін білмей қалдық», - дейді «Қуаныш» лагерінде демалыстарының қызықты сәттерімен бөліскен бәйдібектік бүлдіршіндер.


Оқушылар келесі жылғы жазғы демалыста табиғаты тамаша мекенге тағы баруға ниетті.