ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

0
571

Оның 7-еуі – «Алтын алқа», 18-і – «Күміс алқа» иегері.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

Бәйдібек ауданында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданында көпбалалы 25 анаға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков алтын құрсақты аналарды қабылдап, құттықтау лебізін білдіріп, Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес бөлінген «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.


Ел демографиясына үлес қосып отырған ақ жаулықты 25 ана осы марапатқа ие болды. Оның 7-еуі – «Алтын алқа», 18-і – «Күміс алқа» иегері. Бәйдібек ауданында 500-ге жуық «Алтын алқа» иегері және 1300-ге жуық «Күміс алқа» иеленген аналар тұрады. Сонымен қатар 200-ден аса «Батыр ана» мен 300-ге жуық І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандар бар. 18 жасқа дейінгі 4 және оданда көп баласы бар аналар саны – 2186.