ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік үш ауылға табиғи газ берілді

0
525

Бес елді мекенді газдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік үш ауылға табиғи газ берілді

Бәйдібек ауданында тағы үш елді мекенге табиғи газ берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданында тағы үш елді мекенге табиғи газ берілді. Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан басшысы Ержігіт Шәріпбеков Ақбұлақ пен Мәдениет және Жүзімдік елді мекенінің жергілікті тұрғындарын құттықтап, газ торабын іске қосты. Көптен күткен қуаныштарына қол жеткізіп отырған Ақбұлақ пен Мәдениет және Жүзімдік елді мекендерінің тұрғындары болашақ ұрпақтарының жылдары бойы көмір жағып, күл шығарып әуреге түспейтініне риза.


Жылдың төрт мезгілінде газдың игілігтерін көреміз деген ауыл тұрғындары аудан басшылығына алғыстарын жеткізіп, баталарын берді. Енді үш елді мекеннің тұрғындарының көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты туындаған сұрақтары толығымен шешімін тауып отыр.


Айта кетерлік жайт ауданда 2015 жылы магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп, қараша айында көгілдір отынның алауы жағылып, аудан орталығына газ берілген болатын. Бүгінгі таңда үш ауылды қосқанда аудандағы 16 ауыл табиғи газды тұтынып отыр. Жалпы осы аптада Бәйдібек ауданына қарасты 7 елді мекенге табиғи газ беріліп отыр.


Осы айдың соңына дейін Көктерек ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылына газ беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек қазіргі таңда бес елді мекенді газдандыру бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде.