ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік ұжым театр фестивалінің жеңімпазы атанды

0
722

Театрлар сайысына облысқа қарасты аудан, қалалардан 15 театр қатысты.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібектік ұжым театр фестивалінің жеңімпазы атанды

«Шаян» халық театры облыстық фестивальдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Р.Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен «Тұғыры биік Тәуелсіздік» облыстық «Халықтық» (Үлгілі) атағы бар театрлар фестиваліне қатысқан Бәйдібек ауданының «Шаян» халық театры Шерхан Мұртазаның «Домалақ ана» қойлымын сахналады. 60 жылға жуық тарихы бар «Шаян» халық театры бас жүлдені иемденді. Сонымен қатар, аталған фестивалде театр әртісі Бақыт Оспанова «Үздік әйел адам рөлі» номинациясының иегері атанды.


Үш күнге созылған театрлар сайысына облысқа қарасты аудан-қалалардан 15 театр қатысты. Өнер ұжымдарының жұмысын жазушы, режиссер, драматург, театр педогогі Асылбек Ихсанов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Айнұр Бермухамбетова және Өнертану ғылымдарының магистрі, театртанушы Тимур Ахметов бағалап, қазылық етті.