ТҮРКІСТАН: Бақылау тобы мектептердің оқу жылына даярлығын тексерді

0
685

Тексеріс барысында мектеп-гимназиялары мен жалпы орта мектептерді бақылап, біршама жайттарды бақылады.


ТҮРКІСТАН: Бақылау тобы мектептердің оқу жылына даярлығын тексерді

"Nur Otan" партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов басшылық еткен Бақылау тобы бүгін қалалық мектептердің жаңа оқу жылына даярлығын тексерді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қыркүйек айында Түркістандағы 26 мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңа оқу жылына әзір болуы тиіс. Дегенмен, шаһардағы мектептің бірінде 15 тамызға дейін аяқталуы тапсырылған жөндеу жұмысы әлі де аяқталмаған. "Азия Сервис 777" ЖШС мердігерлік еткен білім мекемесінде еден жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр және 1 сыныптарды оқытуға мұғалімдер тазалық жұмыстарын жүргізіп жатқандығы мәлім болды. Сонымен қатар, жауын уақытында төбеден су өту жағдайы белгілі болып, ол бойынша да бақылау тобы тарапынан ұсыныс айтылды.

Бақылау жұмыстары аяқталғасын, қалалық "Адами капиталды дамыту бөліміне" барған топ өкілдері, бөлім басшысы Ақмарал Батырбековамен тілдесіп, қалалық білім ошақтарының пән олимпиадаларда деңгейі неліктен төмен екенін сұрады.

Ал Ақмарал Үсенқызы соңғы 3 жылда Түркістан қаласы облыс көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша олимпиадаларда алғы шептен көрініп жатқанын ерекше айтып өтті. Қазірде жаратылыстану пәні бойынша да алға ілгерілеу бар екендігі белгілі болды. Ал, жұмысшылары пандемия кезінде ауырып, ағымдағы жөндеуді мерзімінде аяқтамаған 4 мектептің мердігері айыппұл төлейтін болады. Сондай-ақ, жоғарыда таныс болған жағдай бойынша, кіші қызметкерлердің үлгермеуі себебінен мұғалімдер ерікті түрде бөлмелерді ретке келтіру жұмыстарын жасап жатыр.

Айта кетейік, мектептерде ақша жинау, жұмысқа алуда пара сұрау мәселесі және т.б заңсыз жағдайлар орын алған жағдайда (87058955437) сенім телефоны жұмыс істейді. Білім саласына ерекше қызығушылық танытқан Х.Алимбеков бөлім басшысына Олимпиадалық мектеп ашуға ұсыныс айтып, алда осы мәселе бойынша біріге жұмыс атқаратын болып келісімге келді.

Сондай-ақ, онлайн дәріс беруге даярлық, кітаптар тапшылығы және электронды құралдармен (планшет, телефон) қамтамасыз етілу жағдайлары да сөз етілді.