ТҮРКІСТАН: Басқарма басшыларына жемқорлықтың алдын алу шаралары тапсырылды

0
1 038

Хаким Көшқалиев осы бағытта атқарылып жатқан мәселелерді сөз етіп, нақты деректер барысын баяндап өтті.


ТҮРКІСТАН: Басқарма басшыларына жемқорлықтың алдын алу шаралары тапсырылды

Түркістан облысының басқарма басшыларына жемқорлықтың алдын алу шаралары тапсырылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен өткен алқалы жиында айтылды. Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев осы бағытта атқарылып жатқан мәселелерді сөз етіп, нақты деректер барысын баяндап өтті.

Келелі жиын барысында басқармалардың қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың жеке жауапкершілігін күшейту туралы нормалар түсіндіріліп, қоғамдағы көлеңкелі қылмыстың жолын кесу мәселелері кең көлемде талқыланды.

Алқалы жиында Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтарды баяндап, жедел бағыт бойынша департаментпен мемлекеттік органдардың қызметінде анықталған қылмыстық істерге тоқталды. Сонымен қатар өз қызметтерінде парақорлық фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды тұрақты негізде жүргізе отырып, оның сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

Жиын соңын қортындылаған Ұлан Тәжібаев облыстық басқарма басшыларына сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу мәселелерін күшейту қажеттігін жеткізіп, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесе ілкімді жұмыстарды атқаруға шақырды.