ТҮРКІСТАН: Басқарма басшысы тағайындалды

0
3 356

Жаңа басшы бүгінгі күнге дейін Түркістан орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.


ТҮРКІСТАН: Басқарма басшысы тағайындалды

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Қырықбай Бақытжан Есіркепұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бақытжан Есіркепұлы 1979 жылы 26 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қошқарата ауылында туған.

Еңбек жолын 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушы болып бастаған.

2006-2018 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу және бақылау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман және жануарлар әлемін қорғау, дамыту және пайдалану бөлімінің бастығы, Шымкент қаласындағы мемлекеттік дендрологиялық саябақтың учаске бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясының орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің жануарлар дүниесі басқармасының сарапшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018 қараша айынан бүгінгі күнге дейін Түркістан орман және аңшылық шаруашылығы жөніндегі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.