ТҮРКІСТАН: Басқармалар арасында карпфишинг сайысы өтті

0
1 204

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: Басқармалар арасында карпфишинг сайысы  өтті

Түркістан облысы басқармалары арасында карпфишинг сайысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


23 маусым – мемлекеттік қызметкерлер күніне орай, Ордабасы ауданында әуесқой спорт түрі - балық аулаудан жарыс өтті. Сайыстың басты мақсаты –облыс көлемінде балық аулау спортын дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында өзара достастықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.


Бөген су қоймасында өткен карпфишинг жарысында Түркістан облысы әкімдігінен 18 қызметкер бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша Дін істері басқармасының бас маманы Ергебеков Серік Әбенұлы жеңімпаз атанды.