ТҮРКІСТАН: Бауырлас елдің әдебиеті мен мәдениетіне арналған кездесу өтті

0
590

Әдеби шараның мақсаты екі халықтары достығы мен әдеби-мәдени байланыстарын дамыту.


ТҮРКІСТАН: Бауырлас елдің әдебиеті мен мәдениетіне арналған кездесу өтті

Түркістандағы облыстық кітапханада бауырлас елдің әдебиеті мен мәдениетіне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы мен Түркістан облыстық Өзбек этномәдени қоғамдық бірлестігінің «Бауырлас елдің әдебиеті, тілі мен мәдениеті» атты кеш өтті.


Іс-шараны Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапхана директоры Жанат Шардарбекова, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева және Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төраға орынбасары Кошкаров Райымжан ашып берді.


Әдеби шараның мақсаты екі халықтары достығы мен әдеби-мәдени байланыстарын дамыту. Кеште ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі – Далимжан Сайфуллаевпен кездесу ұйымдастырылды.