ТҮРКІСТАН: «Базардағы кітапхана» жобасы Сарыағашта жалғасын тапты

0
581

Онда қазіргі таңда 1 500-ге жуық кітап бар.


ТҮРКІСТАН: «Базардағы кітапхана» жобасы Сарыағашта жалғасын тапты

«Базардағы кітапхана» жобасы Сарыағашта өз жалғасын тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Базардағы кітапхана» жобасы аясында Сарыағаштағы «Дәулет» сауда орталығында кітапхана пункті ашылды. Кітапхана бөлімшесінің ашылуына «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова мен аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев арнайы қатысып, кітапхана қорына кітап сыйлады.


Онда қазіргі таңда 1 500-ге жуық кітап бар. Кітапхананың жылжымалы пунктіндегі кітап қоры оқырман сұранысы бойынша жаңартылып отырады. Еске сала кетсек, бұған дейін «Базардағы кітапхана» жобасы аясында Түркістандағы «Қуаныш» сауда орталығында кітапхана пункті ашылған болатын. Бүгінде кітапхана қызметтерін пайдаланушылар саны артып келеді.


Айта кетсек, облыс бойынша 396 кітапхана, «Ашық кітапхана» жобасымен әкімшілік ғимараттарда 15, басқа нысандарда 8 кітапхана пункті жұмыс істеп тұр.