ТҮРКІСТАН: Базардағы кітапханаға 250-ге жуық оқырман келген

0
972

Бір күнде 70 адамға дейін қызмет көрсетеді.


ТҮРКІСТАН: Базардағы кітапханаға 250-ге жуық оқырман келген

Түркістандағы «Қуаныш» сауда орталығында өткен апта кітапхана пункті ашылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Базардағы кітапхана» жобасы аясында Түркістандағы «Қуаныш» сауда орталығында өткен апта кітапхана пункті ашылған болатын. Бүгінге дейін 250-ге жуық оқырман кітапханаға келген.


Пункт сейсенбі-жексенбі күндері сағат 9:00-18:00 аралығында оқырман қабылдайды. Бір күнде 70 адамға дейін қызмет көрсетеді. Кітапханада түрлі бағыттағы көркем әдебиеттер мен кәсіпті нығайтуға бағытталған әлемдік бестселлерден құралған 3 мыңға жуық кітап қоры бар.


Сонымен қатар, арнайы қатарлар мен сөрелер орнатылған. Онда келген оқырмандар оқыған кітаптарын сыйға қалдырады немесе басқа кітаптармен алмастырып оқи алады.