ТҮРКІСТАН: Базарлар мен бағалар қатаң бақылауға алынған

0
774

Бірнеше сауда орындарына ескерту жасалды.


ТҮРКІСТАН: Базарлар мен бағалар қатаң бақылауға алынған

Сайрамда карантин шаралары қатаң бақылауда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда еліміздегі ахуалға байланысты карантин мерзімі ұзарып, сақтық шаралары қатаң қадағалауға алынғаны баршамызға мәлім. Осы орайда "Nur Otan" партиясы Түркістан облысы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмас Әбдрахманұлы мен аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторигтік топ аталған ауданға қарасты Қарабұлақ және Арыс ауылдық округтерінде орналасқан дәріханалар мен дәмханалардың жұмыстарына мониторинг жүргізіп, олардың жағдайымен танысты. Іс-шара барысында кейбір дәрілердің жетіспеушілігі анықталып, баға тұрақтылығы бақыланды. Сонымен қатар, бірнеше тамақтану орындарына ескертулер айтылды.

Естеріңізде болса аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ұласбек Сәдібеков Түркістан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің N26 қаулысы негізінде жұмысты тұрақты түрде жалғастыруға тапсырма берген болатын. Аталмыш N26 қаулыға сәйкес, сенбі-жексенбі күндері тек азық-түлік дүкендері, дәріханалар бекітілген уақыт аралығында жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазіргі жағдайда той-жиынға рұқсат жоқ, демалыс орындары, киім, басқа да сауда-саттық орындары жабық болады.