ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі

0
865

320 орынға арналған қосымша ғимараты спортты дамытуға серпін бермек.


ТҮРКІСТАН: Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі

Түркістанда биыл Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда нысанның жер жұмыстары мен іргетасын қалау ісі толық аяқталған. Жертөле қабырғасы мен бірінші қабаттағы тірек қабырғасы да аяқталуға жақын тұр. Нысан басында 30-дан астам жұмысшы бар. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев спорт кешенінің құрылыс барысын қадағалап, мердігермен кездесу барысында ғимаратты сапалы әрі уақтылы аяқтауды тапсырды.


Бұл спорт кешенінде Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы орналасады. 320 орынға арналған қосымша ғимараты спортты дамытуға серпін бермек.