ТҮРКІСТАН: Белгісіз біреу сарыағаштық тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған

0
239

Жәбірленуші 60 мың теңгеге шығынға ұшыраған.


ТҮРКІСТАН: Белгісіз біреу сарыағаштық тұрғынның ұялы телефонын күштеп тартып алған

Келес аудандық полициясының жедел іздестіру қызметкерлері көрші ауданның тұрғынына қатысты тонау қылмысын ашты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Полицейлерге Сарыағаш ауданының тұрғыны арызданып, белгісіз біреулердің ұялы телефонын күшпен тартып алғандығы туралы хабарласқан. Аталған жәйт ҚР Қылмыстық Кодексінің 191 - «тонау» бабы бойынша Келес аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 60 мыңды құрады. Жедел ісздестіру іс-шараларының барысында Келес аудандық полиция бөлімдерінің полицейлері тонау әрекетін жасаған күдіктіні құрықтады.

Қазіргі күні аталған жәйт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет