ТҮРКІСТАН: Білім басқармасының басшысы тағайындалды

0
1 499

ҚР Президенті Әкімшілігі Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы» Әкімшілік-кадрлық, құжаттамалық және құқықтық жұмыс қызметінің жетекші сарапшысы қызметін атқарып келді.


ТҮРКІСТАН: Білім басқармасының басшысы тағайындалды

Түркістан облысы білім басқармасының басшысы болып Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен, Түркістан облысы білім басқармасының басшысы болып Жұмашев Ғалымжан Сұлтанбекұлы тағайындалды.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев басқарма ұжымына жаңа басшысыны таныстырды. Аудан, қалалық білім бөлімдерінің жетекшілерінің қатысуымен жиналыс өткізіп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының білім сапасын көтеру жөніндегі тапсырмаларын орындауды, өңірдегі білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерді шешуді міндеттеді. Тың идеялар күтетінін айтып, жұмысына сәттілік тіледі.


Ғалымжан Жумашев 1984 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2015 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Замануи гуманитарлық академиясының «заңгер» мамандығын бітірген. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне білім алған, құқықтану магистрі. 2021 жылы Янки Купалы атындағы Гроднен мемлекеттік университетінің (Беларуссия Республикасы) «құқықтану» мамандығы бойынша аспиранты атанған.


Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Алан» ЖШС-нің заңгер-кеңесшісі болып бастаған. 2006 жылы ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің сот орындаушысы болған. 2007-2012 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінде жетекші маман, сарапшы, бас сарапшы болып еңбек еткен.


2012- 2016 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық шарттар және заңнама басқармасының басшысы, Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары болған.


2016 жылдан бастап ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. 2023 жылдан бүгінге дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы» Әкімшілік-кадрлық, құжаттамалық және құқықтық жұмыс қызметінің жетекші сарапшысы қызметін атқарып келді.