ТҮРКІСТАН: Бір ауылдың 11 көшесін демеуші жөндеп берді

0
687

Жолдарды ретке келтіруге тұрғындары да көмек көрсеткен.


ТҮРКІСТАН: Бір ауылдың 11 көшесін демеуші жөндеп берді

Бәйдібек ауданындағы Кеңестөбе ауылының 11 көшесі демеушілер есебінен жөнделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бәйдібек ауданы Көктерек ауылдық округінің орталығы Кеңестөбе елді мекеніндегі 7,3 шақырымды құрайтын 11 көшедегі жолдың ойылған шұңқырларына демеуші арқылы асфальт төселді. Демеушілік көрсеткен «Нұрдәулет ЛТД» ЖШС жолдарды жөндеуге мекеменің техникаларын жұмылдырып, 30 тонна асфальт жұмсаған.


Сонымен қатар, елді мекеннің ішкі көшелерін жөндеу жұмыстарына ауыл тұрғындары да белсенділік танытып, бұзылған жолдарды ретке келтіруге көмек көрсеткен.