ТҮРКІСТАН: Бір күнде суға батқан екі адамның денесі табылды

0
1 079

Қайғылы жағдайдың екеуі де 25 шілде күні орын алған.


ТҮРКІСТАН: Бір күнде суға батқан екі адамның денесі табылды

Түркістан облысы аумағындағы өзендерден бір күнде екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында өзеннен көрші Қырғызстан республикасынан келген әйелдің денесі табылды. Қайғылы жағдай 25 шілде күні орын алған. Марқұм болған әйел Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу елдімекенде орналасқан Сайрам Өгем табиғи ұлттық саябағынан өтетін Сайрам өзеніне шомылуға келген. Суға батып кеткен шет елдік азаматшаны іздестіруге сағат 19.20-да Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары кіріскен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде кешкі сағат 21.20-да сүңгуір-құтқарушылар әйелдің денесін судан алып шыққан.

Дәл сол күні 25 шілдеде Түркістан облысы Отырар ауданында 16 жастағы бозбала суға батып кеткен.

Аталған ауданның Көксарай ауылынан 4 шақырым қашықтықта орналасқан Сырдария өзенінде екі күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген сүңгуірлер өзеннен 2004 жылы туған жасөспірімнің денесін ап шығып туыстарына берген. Шомылу маусымы басталғалы Түркістан облысы аумағында 16 адам суға кетіп мерт болған. Оның 3-еуіжасөспірім балалар.


"Шомылу маусымында ескертулер мен тыйымдарға қарамастан тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтамай, нәтижесінде қайғылы жағдайлар орын алуда. Шомылу маусымы басынан бері Шымкент қ. ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың құтқарушы-сүңгуірлер Түркістан облысында 21 рет суда іздестіру жұмыстарын жүргізіп, суға батқан 16 адамның денесін шығарған, оның ішінде 3 жасөспірім,"- деп мәлімдеді Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.