Түркістан: Бірнеше ауруханаға оттегі концентраторлары табысталды

0
765

Игі іске аудан азаматтары да үлес қосып жатыр.


Түркістан: Бірнеше ауруханаға оттегі концентраторлары табысталды

Төлебидегі ауруханаларға 16 дана оттегі концентраторы тарту етілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ..

Түркістан облысы Төлеби аудандық ауруханасына Bi Group құрылыс компаниясы 3 дана оттегі концентраторын табыс етті. Сонымен қатар, «Бірлік 2020» қайырымдылық қоры Ленгір қалалық аураханасына 2 дана, «Айдың нұры» компаниясы 1 оттегі концентратор құрылғысын әперді.

Сондай-ақ, мұндай игі iстерден аудан азаматтары да шет қалып жатқан жоқ. атап өтсек, Төлеби аудандық мәслихатының депутаты Әмірәлиев Әли Орынбасарұлы Ленгiр қалалық ауруханасына 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. Және де "Шұғыла" қайырымдылық қоры тарапынан аудандық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторлары жеткiзiлдi.

Мамандар бұл құрылғыларды науқастарға өкпені жасанды желдету аппараттарына қосымша көмек ретінде қолданып жатыр. Індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлерін қолдап, көмек қолын созған жандарға аурухана ұжымы алғыстарын білдірді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта індеипен күресте Түркістан облысының ерікті әрі демеуші азаматтары өздерінің сүбелі үлесін қосып келеді. Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғаса бермек.