​ТҮРКІСТАН: Блок-бекеттердің арқасында коронавирус жұқтыруы мүмкін автобус жолаушылары анықталды

0
672

Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы kz 646 FNB 13 регион нөмірлі автобустағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның нақты дерегі анықталып отыр.


​ТҮРКІСТАН: Блок-бекеттердің арқасында коронавирус жұқтыруы мүмкін автобус жолаушылары анықталды

фото: lenta.inform.kz

COVID-19 коронавирусы пандемиясының алдын алу мақсатында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кешенді қауіпсіздік шараларын қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Солардың бірі ретінде 18-наурыздан бастап Алматы және Қызылорда бағытындағы шекаралық аймақтарындағы «Сауран» және «Шақпақ» бекеттерінде короновирус дертіне байланысты тәулік бойы жұмыс істейтін блок-бекеттер қойылды. Бұл бекеттерде полиция және медицина мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде.

Аталған блок-бекеттердің жүйелі жұмысының арқасында Шымкент-Нұр-Сұлтан бағытындағы kz 646 FNB 13 регион нөмірлі автобустағы коронавирус жұқтырған азаматпен бірге келген 56 адамның нақты дерегі анықталып отыр. Көліктегі жолаушылар туралы толық ақпаратты Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы Шақпақ бекетінің қызметкерлері 20 наурыз күні жазып алған. Қазіргі кезде аталған азаматтар оқшаулануға алынды. Алдағы уақытта облыс тұрғындарын сақтық шараларын күшейтіп, салғырттық танытпауға шақырамыз.
Жалпы, наурыз айының 18 жұлдызынан бастап сақтық мақсатында Түркістан облысының шекаралық жерлеріне 35 блок- бекет қойылған болатын. Оның ішінде 31-і елдімекендерде, ал 4-і теміржол вокзалы мен станцияларда орналасқан. Аталған бекеттерде бүгінде 37 медициналық, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері жұмыс күшейтілген режимге көшкен. Қауіпті індетке қарсы мамандар әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғының көмегімен азаматтардың дене қызуын өлшеп, тексерістен өткізіп жатыр.