ТҮРКІСТАН: Боранға байланысты жолдар жабылып жатыр

0
525

Ақ түтек боран басталды.


ТҮРКІСТАН: Боранға байланысты жолдар жабылып жатыр

Түркістан облысында ақ түтек боран басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақ түтек боран басталды. Боран жүргізушілер мен жолаушыларды әбігерге салуда. Ауа райының тосын мінез танытып, ысқырып соққан суық желінде азаматтардың амандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Түркістан облыстық полиция департаментінің қызметкерлері республикалық, облыстық маңызы бар жолдарға жұмылдырылды.


Түркістан облысының полицейлері бірнеше жолдардың жабылғанын ескертеді. Атап айтсақ, республикалық маңызы бар А-2 "Алматы-Ташкент-Термез" тас жолының "Шақпақ баба" аралығында қар, бораннан кейін таңғы уақытқа жақын ауа райы тіптен суып кетуіне байланысты көк тайғақ болу қауіпі бар. Сондай-ақ, Шолаққорған мен Шаян (Бәйдібек) арасындағы (боран); Шолаққорған-Ащысай-Оранғай арасындағы (Созақ, Сауран ауданы); Ақтас-Бірлік (Бәйдібек) арасындағы; Қызылорда тас жолындағы Шорнақ ауылы мен Қызылорда арасындағы жолдар жабық. Аталған республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.