ТҮРКІСТАН: Браконьерлермен күрес күн тәртібінде

0
750

Балықтардың уылдырық шашатын маусымында су қоймасын ерекше қорғау қажет.


ТҮРКІСТАН: Браконьерлермен күрес күн тәртібінде

Шардара су қоймасындағы браконьерлермен күресу мәселесі басты назарда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінгі таңда Шардара су қоймасындағы браконьерлермен күрес мәселесі күн тәртібінен түспей тұр. Әсіресе, балықтардың уылдырық шашатын маусымында су қоймасын ерекше қорғау қажет. Осы мәселе бойынша аудандық әкімдікте жиын өтті. Жиынға Арал-Сырдария балық шаруашылығы бассейіні, Түркістан облысы бойынша инспекциясы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбаев, аудандық ішкі істер бөлімінің аға инспекторы Б.Теңгебаев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Маханов, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекші маманы Қ.Жахан және балық шаруашылығы инспекциясының мамандары мен балық зауытының қызметкерлері қатысты.


Жиында Түркістан облысы бойынша инспекциясы бөлімінің басшысы Шәкен Боранбаев Шардара су қоймасындағы балық шаруашылығымен айналысушы өндіріс орындарына браконьерлерге қарысы күзетті күшейтіп, осы мәселе бойынша жұмыс істеу керектігін айтты.


"Табиғат пайдаланушылардың бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және учаскелерінде жануарлар дүниесін қорғау функцияларын жүзеге асыратын қорықшылық кызметi құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қорықшылық қызмет бар, жоқ деп отырған жоқпын. Қазіргі құрылған қорықшылық құрамы су коймалардың жағалауында орналасқан аудандардың тұрғындары, тиісінше балықшыларда немесе құқық бұзушыларда осы аумақтың тұрғындары. Яғни осы себепті сыбайластыққа, ағайын туыстыққа жол беріліп, өзара кешiрiлiмдер жасалып браконерлік тоқтамай отыр. Қазіргі таңда барлық техникалардың дамыған кезi. Мұның бәрі интерет ресурстарына салып жатыр. Осы тұрғыда Сiздерге балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау мақсатында, жеке қорғау агенттіктерімен (охранное агенство) жұмыс жасауды ұсынамын", - деді ол.


Сондай-ақ, мәжіліске қатысқандар тарапынан браконерлермен күрес мәселесі бойынша бірқатар ұсыныстар көтеріліп, талқыланды. Жиында әсіресе Шардара су қоймасында 1 сәуірден бастап 20 мамырға дейін балықтардың уылдырық шашу маусымында браконьерлермен күрес шарасын күшейту мәселесі айтылды.