ТҮРКІСТАН: Былтыр Сарыағаштан 13 Азия чемпионы шықты

0
701

Ауданда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 31,8 пайызға жетіпті.


ТҮРКІСТАН: Былтыр Сарыағаштан 13 Азия чемпионы шықты

2021 жылы Сарыағаштан 13 Азия чемпионы шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Соңғы жылдары Сарыағаш ауданының даңқы спорт саласы бойынша да артып келеді. Мәселен, 2021 жылдың өзінде ауданның 13 спортшысы Азия чемпионы атанған.


Атап айтсақ, 2003-2004 жылдар туылған жастар арасында бокстан Дубайда өткен Азия чемпионатында Абдіғалым Абдикарим, Сарибарова Айда және Жаңабаева Аружан 1 орынды иеленген. Ал, Өзбекстан Республикасы, Ферғана қаласында өткен волейболдан Азия чемпионатында Даулетбаева Мумина 1орынды иеленсе, кикбоксингтен Ергешбай Ерасыл чемпион атанған. Сондай-ақ, спортшылар дзюдо, самбо, жекпе-жек спорттүрлерінен Азия чемпионы атанған.


Сонымен бірге, ауданда спортпен тұрақты шұғылданушылар саны 31,8 пайызға жетіпті.