ТҮРКІСТАН: "Чернобыль апатында" күрескен батырларға құрмет көрсетілді

0
784

Чернобыль оқиғасына - 35 жыл.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында Чернобыль оқиғасына - 35 жыл толғанына орай басқосу өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігінің ғимаратында Чернобыль оқиғасына - 35 жыл толғанына орай басқосу өтті. Жиынға Рашид Абатұлы мен Чернобыль апаты зардаптарын залалсыздандыруға атсалысқан аптал азаматтар қатысты.

Алғысөз алған қала басшысы

апат ардагерлеріне алғысын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен "Чернобыль апатының ардагері - 35 жыл" арнайы төс белгісін тақты. Ардагерлер өз кезегінде шаһардың таңғаларлықтай көркейіп келе жатқанын айтып, қала әкіміне ризашылығын білдірді.

Жалпы, Чернобыль апатын залалсыздандыруда Түркістан қаласынан 67 азамат қатысқан. Қазірде оның 15 ардагері арамызда. Апаттың алпауыт жойқындығы ескеріле отырып, Чернобыль оқиғасына қатысқандар "Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен" теңестірілген.