ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер химиялық сұйықтық ішіп қойған бүлдіршінді аман алып қалды

0
1 585

Жедел жәрдем қызметкерлері жеті минут ішінде жеткен.


ТҮРКІСТАН: Дәрігерлер химиялық сұйықтық ішіп қойған бүлдіршінді аман алып қалды

иллюстрациялық фото:ашық дереккөзден

Түркістан қаласының дәрігерлері белгісіз химиялық сұйықтықтан уланып қалған екі жарым жасар қыз баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жедел жәрдем қызметіне 12 мамыр күні сағат 15.28-де Түркістан қаласының тұрғыны хабарласып 2016 жылы туған қызының химиялық сұйықтықты ішіп қойғаны туралы айтқан. Шақырту бойынша дереу жеті минутта жеткен жедел жәрдем дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

"Жедел жәрдем қызметі хаттамаға сай алғашқы ем домын жасаған. Ата-анасының сөзіне қарағанда бала телефонға қажетті разбавительді ішіп қойған. Қалай аталатынын өздері де білмейді. Химиялық сұйықтық құйылған құтының сыртындағы аты жазылған наклейкасы да жыртылып қалған екен" - деп мәлімдеді дәрігерлер.

Екі жарым жасар бүлдіршін облыстық клиникалық балалар ауруханасына жеткізілген. Қазірде қажетті ем қабылдап жатыр екен.