ТҮРКІСТАН: Департаменттер үйінде Ұлыстың Ұлы күні тойланды

0
1 793

Мерекелік шарада әсем әндер айтылып, концерттік қойылымдарды қойылды.


ТҮРКІСТАН: Департаменттер үйінде Ұлыстың Ұлы күні тойланды

Түркістан облысында Департаменттер үйінің қызметкерлері Наурыз мерекесін ерекше аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналған іс-шараға 500 - ге жуық азамат қатысты. Мерекелік шара аясында ғимараттың спорт алаңында ұлттық нақыштағы 5 киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды. Сондай-ақ, мерекелік шарада қолдау білдірген барлық мекеме қызметшілері арасында арқан тарту, қол күрес, кір тасын көтеру, тоғыз құмалақ сынды ұлттық ойындар ойнатылды.

Ал, мемлекеттік қызметкерлер іскерлік киімдерін қазақи нақыштағы әшекейлі киімге ауыстырып, меркелік ақ дастархан жайып, келген қонақтарға наурыз көже мен ұлттық тағамдардан дәм татқызды.

Мерекелік шарада әсем әндер айтылып, концерттік қойылымдарды қойылды. Сондай-ақ спорт ойындарының жеңімпаздары марапатталып, мереке құттықтаулармен өз жалғасын тапты.