ТҮРКІСТАН: Депутат «Жедел жәрдем» қызметіне аппараттар тарту етті

0
402

Жалпы құны – 55 млн. теңге.


ТҮРКІСТАН: Депутат «Жедел жәрдем» қызметіне аппараттар тарту етті

Түркістандық депутат «Жедел жәрдем» қызметіне өкпені жасанды тыныс алдыру аппараттарын тарту етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Жедел медициналық жәрдем» қызметінің жұмысы облыстық депутаттардың назарында. Бүгін Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған депутаттар: А.Салимов, М.Тұрысбеков, И.Намазбаева, Ж.Сүлейменов, Ж.Әбдібаев, Н.Жамалбеков, С.Арыстанов облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысымен танысты.


Қызметкерлермен жүздесіп, орталықтың қызмет ету деңгейін бақылады. Мекеменің жұмысымен танысу барысында облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбеков облыстық «Жедел жәрдем» қызметіне өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратының 5 данасын сыйға тартты. Жалпы құны – 55 млн. теңге.


«Аппараттар арнайы Жапония елінен сатып алынған. Бір аппараттың құны – 11 млн. теңге. Бүгінде адам баласының басына төнер қауіптің саны көп. Соның бірі – аяқ астынан болатын жарақат түрлері. Көлік қақтығыстарында, күнделікті тұрмыста, құрылыста, өндірісте, түрлі дәрежеде жарақаттанып, «Жедел жәрдем» қызметі шақырылады. Сондықтан бұл аппараттарды халыққа қызмет көрсету сапасы жоғары, жылдам әрі тапшылық болмауы үшін орталық қызметіне пайдаланған дұрыс», – деді М.Тұрысбеков.