ТҮРКІСТАН: Екі елді мекен таза ауызсумен қамтылды

0
955

Халық ендігі уақытта арнайы фильтрлерден өтетін таза су тұтынады.


ТҮРКІСТАН: Екі елді мекен таза ауызсумен қамтылды

Арыстағы қос елді мекен таза ауыз сумен қамтылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласы, Байырқұм және Жиделі ауылдық округтеріне қарасты Көкжиде және Аққала елді мекендерінде таза ауыз су берілді. Ауыл тұрғындарының қуанышына ортақтасқан қала басшысы Мұрат Болатұлы ашылу салтанатына арнайы қатысты.

«Биылғы жылы қала тұрғындары қажырлы еңбек етіп, жылды табысты аяқтағалы отырмыз. Бұл да ел ішіндегі ынтымақ пен береке, бірліктің арқасы. Бүгінде аққалалық 1026 тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ауылға келген ауыз судың қызығын көріңіздер. Отбасыларыңызға амандық тілеймін», – деді қала әкімі.

Бұдан кейін шаһар басшысы Байырқұм ауылдық округіне қарасты Көкжиде елді мекенінде қолданысқа берілген таза ауыз судың салтанатты ашылуына қатысты. Онда қуаттылығы тәулігіне 62,31 м3 ауыз су құбыры пайдалануға берілді. Жаңадан пайдалануға берілген таза ауыз су желісін Көкжиде елді мекеніндегі 125 тұрғын үйдің 1340-қа жуық тұрғыны пайдаланбақ. Көптеген жылдар бойы құдықтан су ішіп келген халық ендігі уақытта арнайы фильтрлерден өтетін таза, табиғи ауыз су пайдалана бастады.