ТҮРКІСТАН: Экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады

0
588

Фермерлер базары 14 га жерде орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады

Түркістан қаласында салынған жаңа экобазар жуырда жаңа жүйеге қосылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында салынған жаңа экобазарда мобильді қосымшаның көмегімен сауда жасауға болады. Жаңа жүйеге жақын күндері іске қосылады. Мұнда Түркістан облысы мен басқа да облыс, қалалардың диқандары өз өнімдерін таяуда ашылатын заманауи экобазарда саудалай алады. Фермерлер базары 14 га жерде орналасқан. Мұнда 900 сауда орны бар.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев осы экобазарда болып, жай-күйімен танысты. Базар басшылығы мен осы салаға жауапты өкілдерге диқандар үшін қажетті жағдайды жасау жөнінде тапсырма берді. Бұл жабық базар барлық азық-түлік тауарлары көтерме бағамен сатылатын ең ірі сауда орталығына айналмақ.