ТҮРКІСТАН: Елбасы облыстық «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасына барды

0
822

Бұл жерде 480 мың кітапқа арналған кітап сақтау орны бар.


ТҮРКІСТАН: Елбасы облыстық «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасына барды

Тұңғыш Президент Түркістандығы «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістандағы «Farab Library» ғылыми әмбебап кітапханасына барып, роботтандырылған техника зертханасының жұмысымен танысты, сондай-ақ сирек кітаптар мен манускриптер бөлімін көрді.

Атап өтсек, «Farab Library» кітапханасы – заманауи құрылғылармен және озық технологиямен жабдықталған көпфункциялы білім беру кешені. Бұл жерде 480 мың кітапқа арналған кітап сақтау орны, цифрландыру, консервациялау және реставрациялау зертханасы, 400 адамға арналған дәріс залы, көрме атриумы, FabLab цифрлы шеберханасы, музыкалық зертхана, фото және видеотүсірілімге арналған мультимедиа залы, 3D модель жасайтын проекция залы, каллиграфия және қыш өнері студиясы, конференция өткізуге лайықталған залы бар коворкинг, компьютер сыныбы, сирек кітаптар мен манускриптер залы орналасқан.