ТҮРКІСТАН: Елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі Қазығұртта жайқалып тұр

0
684

Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.


ТҮРКІСТАН: Елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі Қазығұртта жайқалып тұр

Елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында өсіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында өсіріледі. Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген.


«Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді», – деді Ж. Ырысова.


Бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді. Мұнда 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі осы «альстромерия» деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 сотыққа ұлғайған. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.