ТҮРКІСТАН: Елімізде жаңа кодекс күшіне енеді

0
483

500-ге жуық судья оқытылуда.


ТҮРКІСТАН: Елімізде жаңа кодекс күшіне енеді

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылғы 29 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және ҚР әртүрлі заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ілеспе заңға қол қойған болатын. Аталған Кодекс 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Жаңа кодекс Әкімшілік рәсімдерді, мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібін, сондай-ақ жария құқықтық қатынастар саласындағы дауларды шешу тәртібін реттейтін айтарлықтай бірегей заңнамалық актіні білдіреді. Бұрын Қазақстанда мұндай кодекс болған емес», - дейді Түлкібас аудандық сотының судьясы Болат Турабай.

Жалпы, қазіргі таңда елімізде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралатын болса, бұл жаңашылдық арқылы сот ісін жүргізудің төртінші, жаңа институты – «әкімшілік іс жүргізу» деген ұғым енгізіледі.

Қазіргі таңда осы әкімшілік-әділет жүйесіне дайындық барысы жүргізіліп жатыр. 500-ге жуық судья оқытылуда, 21 әкімшілік сот құрылады, ол соттардың 17-сі еліміздің ірі қалаларында, қалған төртеуі Қаскелең, Семей, Жезқазған және Екібастұз қалаларында орналасады. Ал, Заң нормалары халыққа кеңінен түсіндірілуде.