ТҮРКІСТАН: Ерікті жастар су басқан ауылдарға көмектесіп жатыр

0
713

Әкімшілік қызметкерлері де көмек қолын созыпты.


ТҮРКІСТАН: Ерікті жастар су басқан ауылдарға көмектесіп жатыр

Түркістандық ерікті жастар Қазығұрт ауданындағы су басқан ауылдарға көмектесіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


24 сәуір күнгі жауын салдарынан Қазығұрт ауданында су басқан елді мекендердің тұрғындарына өңірдің ерікті жастар тобы жәрдемдесуде. Атап айтсақ, Сарапхана, Шанақ, Қарабау, Қақпақ, Қызылқия, С.Рақымов ауылдарындағы қора-жайларды жауын суынан, лай-батпақтардан тазарту жұмыстарын жергілікті тұрғындармен тізе қосып атқарып жатыр.


Аталған ауылдардағы су басқан 41 үйдің ауласын тазарту жұмыстарына әкімшілік қызметкерлері де көмек қолын созыпты. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметкерлері жауын суын арнайы техника көмегімен шығару үстінде.