ТҮРКІСТАН: Еріктілер су басқан ауылдарды тазартып жатыр

0
500

300-ден астам ерікті көмектесуде.


ТҮРКІСТАН: Еріктілер су басқан ауылдарды тазартып жатыр

Қазығұрт ауданындағы су басқан ауылдарды тазартуға еріктілер атсалысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы Қазығұрт ауданында нөсер жауыннан 11 елді мекендегі үйлер мен қора-қопсыларға су кірген. Нәтижесінде, 1 коммерциялық нысанды су басып, 1 үй мен 30-ға жуық қора-қопсы құлап, үй аулалары лай-батпаққа толған.


Айта кетерлігі, өңірдегі ерікті жастар алғашқы күннен бастап көмек қолын созуға ұмтылды. Ел басына күн туған сәтте етігімен су кешіп, тазалық жұмыстарына белсене араласқан жастарға жергілікті тұрғындар өз алғыстарын білдірді.


Табиғи апат салдарымен күрескен төтеншеліктерден бөлек, 5 ауданнан және облыс әкімдігінің 5 басқармасынан 887 адам, 58 техника жұмылдырылған. Оның ішінде, 320-ға жуық ерікті селден құлаған, зақым келген қора-қопсыларға және тұрғын үй мен аулаларды тазалау жұмыстарына көмек көрсетті.