ТҮРКІСТАН: Еріктілер тұрғындарға «электронды үкіметті» үйретіп жатыр

0
774

Еріктілер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдылары бойынша оқу курсынан өткен.


ТҮРКІСТАН: Еріктілер тұрғындарға «электронды үкіметті» үйретіп жатыр

Отырар ауданында ерекше бастамалар мен жобалар қолға алынып, айрықша жұмыстар атқарылуда, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен 2020 жыл – Еріктілер жылы болып белгіленгені баршаңызға белгілі. Айтулы жыл аясында Отырар ауданында ерекше бастамалар мен жобалар қолға алынып, айрықша жұмыстар атқарылуда.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрлық нысанда пайдалану дағдылары бойынша оқу курсынан өткен еріктілер бүгінгі таңда өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында келушілерге көмек көрсетуі іңкәр өлкедегі іргелі істердің бірі болып отыр.

Аталмыш бастама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру» жобасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Маусым айынан бастап еріктілер тұрғындарға электронды үкімет порталын пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуға онлайн тапсырыстар беру, egov, telegrаm желісінде қызметтер алу, кезекті алдын ала брондау, балабақша кезегіне қою жолдарын үйретуде.

Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушы азаматтарға ақпараттық парақшалар таратқан еріктілер мобильді қосымшалар арқылы онлайн қызметті үйден шықпай-ақ алуға болатындығын айтып, цифрлық технологияларды үйренуге шақырды.