ТҮРКІСТАН: Есірткіні әжетханада сақтаған жігіт ұсталды

0
381

Шатырына тығып қойған.


ТҮРКІСТАН: Есірткіні әжетханада сақтаған жігіт ұсталды

Түркістан облысының полицейлері әжетханасына есірткі сақтаған жас жігіттіұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының полицейлері есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында бірқатар рейдтік-профилактикалық іс-шараларды өткізіп жатыр. Осы орайда Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі затын тұтынып әрі сақтайтын тұрғындардың бірін анықтады. Полицейлер жүйелі жұмыс жүргізіп, күдіктінің үйін, жеке басын анықтаған.


Оның ауласына тінту жүргізу барысында әжетханасының шатырына жасырынған есірткіге ұқсас хош иісі бар, пакетке салынғанжасыл түсті кептірілген өсімдік табылып, айғақты зат ретінде алынды. Қазіргі таңда күдікті азаматқа қатысты іс ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс» бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Тиісті сот-сараптамасы тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған шөп 14 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.