ТҮРКІСТАН: Этносаралық қатынастар бойынша медиасауаттылықты арттыру семинар-тренингі өтті

0
548

Әлеуметтік желідегі әрбір жазбаға жауапкершілікпен қарау керектігі айтылды.


ТҮРКІСТАН: Этносаралық қатынастар бойынша медиасауаттылықты арттыру семинар-тренингі өтті

Түркістанда «Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру» атты семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістандағы «Ұлы Дала Елі» орталығында облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Этносаралық қатынастар саласындағы медиасауаттылықты арттыру» атты семинар-тренинг өтті.


Жиынға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек модераторлық етті.


Аталған басқосуға басқарма басшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері, ЖОО оқытушылары, қоғам белсенділері және қалалық, аудандық басылым басшылары, журналистер қатысты.


Семинарда сөз алған облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Керімбек Мырзабаев жиынның маңыздылығына тоқталып, БАҚ өкілдерін алда келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтады.


Еркін форматта өткен семинарда "Тurkistan Media Holding" ЖШС басқарушы директоры Тельман Бейсен медиасауаттылық жайында әлеуметтік желідегі әрбір жазбаға жауапкершілікпен қарау керектігін айта келе, осындай семинарлардың берері мол екенін жеткізді.


Ал "Серпіліс" қоғамдық қорының президенті Бейсенкүл Нарымбетова оқырман алдындағы жауапкершілікті сезінудің ерекшеліктерін айтса, Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Сейдулла Садықұлы этносаралық қатынастар жайына тоқталып, өз тәжірибелерімен бөлісті.


Семинарға қатысушылар өз ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Шара соңында семинарға жиналған жұртшылыққа сертификаттар табыс етілді.