ТҮРКІСТАН: Футболдан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды

0
586

12 команда, 200-ден аса спортшы қатысуда.


ТҮРКІСТАН: Футболдан жасөспірімдер арасындағы облыс чемпионаты басталды

Футболдан жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласында футболдан 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты басталды. Облыс чемпионатына қала, аудандардан 12 команда, 200-ден аса спортшы қатысуда. Негізгі мақсат – еліміздегі премьер-лига және бірінші лига командаларына ізбасарлар дайындау және облысымыздың жасөспірімдер құрамасын жасақтау.


Доп додасы ә дегеннен тартысты басталды. Чемпионаттың шымылдығын Келес ауданының құрамасы мен Түркістан қаласының командасы ашып берді. Кездесу нәтижесінде 2:1 есебімен келестіктер жеңіске жетті.


Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Муслимова жарысқа қатысушы спортшыларды құттықтап, өңірімізде балалар арасында сиқырлы спорттың халықаралық деңгейде дамуы үшін игілікті істер атқарылып жатқанын айтты.


Бүгінде облыстық футбол мектебінің директоры Дәулетияр Әлиев басқаратын мекемеде талантты жас ойыншылар тәрбиеленуде. Қазақстан футболының болашағы – жергілікті жастардың қолында деген қағиданы қолдайтын Кентау қаласының №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Руслан Абдураимов жарыстың маңыздылығы жайлы айта өтті.


Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бір аптадан соң анықталады.