​ТҮРКІСТАН: Ғасыр жасаған жетісайлық қарияға ауылдастары ат мінгізіп, автокөлік сыйлады

0
1 487

Ауыл әкісі кеудесіне «Саналы ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолында еткен еңбегі үшін» медалін тақты.


​ТҮРКІСТАН: Ғасыр жасаған жетісайлық қарияға ауылдастары ат мінгізіп, автокөлік сыйлады

Суреттерді түсірген: Қ.Әуелбеков

Жетісай ауданы Жаңаауыл әкімшілігі Қарой ауылының тұрғыны Бекшораев Налше ақсақалға ауылдастары сый-құрмет жасап, ат пен автокөлік мінгізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Налше ақсақал 1921 жылы Жиззақ облысы Фариш ауданында дүниеге келген. Ата-анасынан жастай жетім қалған бозбала Налше еңбекке ерте араласыпты. Балалық шағы ашаршылық нәубетіне тура келгендіктен мектепте оқып сауат ашуға мүмкіндгі болмаған. Өз заманының қиыншылықтарына байланысты күн-түн демей барлық жұмыс түрлерін істеуге мәжбүр болған.

ҰОС жылдарында тылда еңбек еткен, аудан орталыған қашық құмды ауылдарда түйекеш болған. Соғыс жылдарынан кейін колхоз және совхоздарда диханшылықпен, мал және су шаруашылығымен, айналысқан.

Ауыл тұрғындары арасында еңбекқор әрі қарапайым шаруа адам ретінде зор абыройға ие болды. Жұбайы Бекшораева Өлмес Серікбайқызы екеуі отандасқан 63 жыл ғұмырларында 8 қыз, 3 ұл тәрбиелеп, олардан 43 немере, 42 шөбере сүйіп отыр.

Осы аталған мерей тойда Жаңа ауыл округінің әкімі Нұрлыбек Бақтияров арнайы барып құттықтау хатын тапсырып, кеудесіне «Саналы ұрпаққа өнегелі тәрбие беру жолында еткен еңбегі үшін» медалін тақты. Ал ауылдас ағайындары қарияға ат және автокөлік мінгізіп, иығына шапан шауып, сый-құрмекттерін көрсетті.

Нәубет жылдарындағы қиын тағдырын көзіне жас алып еске алған қария, қазіргі жастарды барды қадірлеуге, аянбай еңбек етуге, шақырып өз батасын берді.