ТҮРКІСТАН: Ғимараттардың сәулеті мен сапасы қатаң бақылауға алынады

0
217

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлардың жобаларымен, жоспарларымен танысты.


ТҮРКІСТАН: Ғимараттардың сәулеті мен сапасы қатаң бақылауға алынады

Түркістан облысындағы ғимараттардың құрылысын жүргізуде сәулеті мен сапасы қатаң бақылауға алынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанға инвестиция тартып, жаңа ғимараттар салуға ниеттілер қатары азайған емес. Кәсіпкерлер тарапынан ұсыныстар бар. Солардың бірқатарының сәулеттік жобасы арнайы мәжілісте талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды инвесторлардың жобаларымен, жоспарларымен танысты.


«Өңірде салынатын ғимараттар сәулетті әрі заман талабына сай болуы тиіс. Сапасына мән берілсін. Сәулетшілердің мақұлдауынан өткен жобаларға қолдау көрсетіледі. Екіншіден, келісім жасалған соң құрылыс жедел басталуы тиіс. Созбалаңға салып жүруге жол берілмейді», – деді облыс әкімі.


Жиында жеке инвесторлар өз ұсыныстарын ортаға салды. Өңірде жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жағдай қалыптасқанын айтқан олар арнайы жер берілсе, жұмыстарын бастамақ. Кәсіпкерлер көпқабатты тұрғын үйлер, монша, автосалон, жекеменшік емхана, сауықтыру нысандары мен спорт кешендерін салуға қызығушылық танытып отыр.


Жаңа ғимараттардың сыртқы әрлеу жұмысы, ішкі дизайны мен сыртқы көрінісіне қатысты сәулеттік үлгілер талқыланып, мамандар тарапынан тиісі бағалар берілді. Сәулетшілердің сын-ескертпелері хаттамаға енгізіліп, құрылыс барысында назарға алынады.