ТҮРКІСТАН: «Halyk Bank» жетісайлықтарға спорт алаңын салып береді

0
613

«Halyk Bank» Түркістан облысының барлық аудандарында қызмет атқарып жатыр.


ТҮРКІСТАН: «Halyk Bank» жетісайлықтарға спорт алаңын салып береді

Бүгін Түркістанда «Halyk Bank» АҚ Түркістан облыстық филиалының жаңа заманауи ғимараты ресми түрде ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған ғимараттың ашылу салтанатында аталған банк басқармасының төрайымы Үміт Шаяхметова Жетісай қаласында балалар алаңын салуды жоспарлап отырғандары туралы айтты.


«Біздің банк Түркістан облысының барлық аудандарында қызмет атқарғандықтан, оларды қолдағымыз келеді. Сол себепті біздің мерекелік іс-шара – филиалдың жаңа ғимаратының ашылуы аясында Жетісай тұрғындарына балалар алаңын сыйға тарту туралы шешім қабылданды», – деді ол.