ТҮРКІСТАН: Инкассаторлар өліміне қатысты күдікті қолға түсті

0
2 274

Ұсталған күдіктінің сарайынан қару мен ақша әкеліп тығылғандығы белгілі болды.


ТҮРКІСТАН: Инкассаторлар өліміне қатысты күдікті қолға түсті

Түркістан облысы Арыс ауданында инкассаторларға шабуыл жасап, өлтіру қылмысы бойынша 10-шы маусым күні тағы бір күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол Арыс ауданының тұрғыны, ұсталған бірінші күдіктінің танысы боп шықты. Шабуыл жасап, кісі өлтірді деген күдікке ілінген азамат екінші ұсталған күдіктінің сарайына қаруын және ақшаны апарып тыққаны белгілі болған. Алайда бұл туралы сарайдың иесі құқық қорғау органдарына хабар бермеген. Ұсталған екінші күдіктіге ҚР ҚК нің екі бірдей бабы бойынша, яғни қылмысты біле тұра хабарламағаны және қаруды заңсыз сақтағаны үшін айып тағылды. Түркістан облыстық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Арыс аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 434 бабы бойынша "Қылмыс туралы хабарламау" және 287 бабы бойынша "Қаруды заңсыз сақтау" баптары бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат қамауға алынды. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады", - дейді Түркістан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Айта кету керек, 7 маусым күні инкассаторларға шабуыл жасаған күдіктінің үстінен тағы бір бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни Қазақстан республикасының қылмыстық кодексінің 287 бабы, "қаруды заңсыз сақтау" бойынша да айып тағылды.