ТҮРКІСТАН: Ірі жол көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

0
1 099

Ауыр соқыдан «Ваз» автокөлігі жарамсыз металға айналған.


ТҮРКІСТАН: Ірі жол көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Түркістан облысы Ордабасы ауданда ірі жол көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 2 адам көз жұмып, тағы 5 адам түрлі деңгейдегі дене жарақаттарын алған, деп жазады otyrar.kz.

«Ниссан» шағын автобусы мен «Ваз» көлігі соқтығысып қалған. Аудандық ПБ тәртіп сақшыларының мәліметінше шағын автобус жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысады.

Ауыр соқыдан «Ваз» автокөлігі жарамсыз металға айналған. Орын алған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облыстық ПД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзованың мәлімдеуінше жол көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.