ТҮРКІСТАН: Із-түссіз жоғалған 11 жасар қыздың денесі табылды

0
1 111

Қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.


ТҮРКІСТАН: Із-түссіз жоғалған 11 жасар қыздың денесі табылды

Түркістан облысындағы Арыс-Түркістан суармалы каналынан бірнеше күн бұрын жоғалған қыздың денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізге сала кетсек, 25 наурызында шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қыз бала үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағаны хабарланған еді.


Ал, 29 наурыз күні із-түссіз жоғалған түркістандық жасөспірім қыздың ағынсу каналына құлағаны анықталған.


Осы ретте, іздеу бойынша жаңа бағыт алған Түркістан облыстық ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бүгін сағат 10:10-да оқиға орнынан 11 шақырым қашық жерден қыздың мәйіті тауып, судан шығарды.


«Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 112 жеке құрам, 1 квадрокоптер, 7 бірлік техника және жедел құтқару жасағынан 5 сүңгуір, 2 жүзу қайығы, 1 бірлік техника, Полиция департаментінен 20 адам, 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органнан 2 адам, 1 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген Түркістан облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.