ТҮРКІСТАН: Із-түссіз жоғалып кеткен әйел елордадан табылды

0
694

Күйеуімен жанжалдасып, кетіп қалған.


ТҮРКІСТАН: Із-түссіз жоғалып кеткен әйел елордадан табылды

Түркістан облысының полицейлері із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Нұр-Сұлтаннан тапты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


20 қаңтар күні үйінен белгісіз бағытқа қарай шығып кетіп, із-түссіз жоғалған әйелді Түркістан облысының полицейлері тапты. 2022 жылдың 7 ақпанында өз әйелінің жоғалғаны бойынша полиция бөліміне күйеуі келіп арызданған.


Із-түссіз жоғалу жайты болғандықтан, тез арада табуға еріктілер де атсалысқан. Жоғалған әйелдің айрықша белгілерін жазып, суретімен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.


Нәтижесінде із-түссіз кеткен әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды. Табылған әйел ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін, Нұр-Сұлтанда аман есен өз еркімен тұрып жатқанын жеткізді. Белгілі болғандай әйел күйеуімен арасында болған отбасылық келіспеушіліктің салдарынан жақындарына айтпай кетіп қалған.