ТҮРКІСТАН: Қала аумағында 10 гүлзар салынады

0
1 269

Түркістанның орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту көзделіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Қала аумағында 10 гүлзар салынады

Түркістан қаласында халық көп шоғырланған орындарда демалыс аймақтар салынатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының аумағында 10 гүлзар салу туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес халық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланып отыр.

Осы арқылы қаланың орталығында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған демалыс орындарын көбейту және қаланы суландыру, көгалдандыру мақсаты көзделген.

Осыған сәйкес, негізгі көшелер бойынан жалпы аумағы 172,2 гектарды құрайтын қолайлы орындар анықталды. Оның ішінде қалаға кіре берістегі Б.Саттарханов даңғылы бойындағы 3 гектар аумақтағы ескі жасанды канал бойы абаттандырылып, автотұрақ, субұрқақ, отбасылық саялы гүлзарлар салынады. Қазіргі таңда көпшіліктің демалыс орнына айналған «Рәміздер алаңы» осы гүлзарлармен жалғасатын болады.