ТҮРКІСТАН: Қала басшысы шаһарда салынып жатқан аллея жұмысын тексерді

0
848

30 наурызда құрылысы басталған демалыс орны - 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай толықтай аяқталады деп жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Қала басшысы шаһарда салынып жатқан аллея жұмысын тексерді

Рашид Абатұлы орталық базар бойындағы жер асты өткелі алдынан салынып жатқан аллеяның жұмыс барысын бақылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мұндағы Тәуке хан даңғылы мен С.Ерубаев көшесі аралығында жартылай арка орнатылып, жарты бөлігіне жасыл желек, тротуар, жарықшам, орындықтар мен қоршаулар болады. Ал, екі шетінде орналасқан шағын кәсіпкерлік нысандар келбеті бірыңғай үлгіге келтіріледі.

Сәтін салса, 30 наурызда құрылысы басталған демалыс орны - 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай толықтай аяқталады деп жоспарланған.
"Теміржол вокзалы алдындағы аллея бүгінде аяқталуға шақ қалған. Бірегей жоба қалаға келуші қонақтар үшін өзгеше демалыс орны болмақ. Олай дейтін себебіміз, мұнда ерекше субұрқақ іске қосылады. Орнатылған төрт арканың жоғарғы жағынан суды бу түрінде шашатын қондырғы қойылған. Келушілер аркадан өткенде қоңырсалқын леп сыйлап, күннің ыстығынан қорғайды. Сондай-ақ, жан-жағы түрлі түске еніп, жарықшамдар шамы жағылады" - делінген Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дегенмен, атқарылған істердің кем-кетіктері де жоқ емес. Қала басшысы қатаң ескерткен бетондардың біркелкі төселмеуін мердігерлер өз есебінен қалыпқа келтіреді.
Қазірде аяқжол тастары жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақ 1 мамырға дейін аяқталады деп жоспарланған.
Сонымен қатар, Бекзат мөлтек ауданындағы екі қабатты үйлер мен Төле би көшесі қиылысында тұратын отбасындағы балалар үшін салынған ойын алаңшалары да аяқталып, қалада төтенше жағдай аяқталғанда арқа-жарқа күй кешіп, ойын балалары үшін шаттық сыйлар алаңға айналмақ.